Текст
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында биология және география таңдау пәндері бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан өтті. Емтиханға жылдық қорытынды бағалары бойынша 46 оқушы жіберілді. Бір оқушысы дәрігерлік анықтама қағазы бойынша қорытынды емтиханнан босатылды. 9 «А» сыныбы биология пәні бойынша 5 нұсқа 25 сұрақтан тұратын тапсырмалар орындаса, 9 «Ә» сыныбы география пәні бойынша 5 нұсқа 25 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындады.
9 «А» сыныбында биология пәнінің мұғалімі Шаяхметова Гулзат Турлыбаевна, ал 9 «Ә» сыныбында география пәнінің мұғалімі Асқар Ерлан емтихан алды.
Емтиханды себепсіз қалдырған оқушылар болған жоқ. Емтихан өз деңгейінде талапқа сай өтті.