Текст
Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушылары арасында ана тілі мен әдебиеті пәні бойынша бірінші қорытынды мемлекеттік емтихан өтті. Емтиханның ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері Едрисова Роза Балгенжиновна келді. Мектеп директоры У.Калиева мен Р. Едрисова оқушылар алдында емтихан материалдары салынған пакетті ашты. Емтиханға жылдық қорытынды бағалары бойынша 28 оқушы жіберілді. Бір оқушысы дәрігерлік анықтама қағазы бойынша қорытынды емтиханнан босатылды. Эссе тақырыптары 5 әдебиеттік ,5 еркін тақырыпта келді.
11 «А,Ә» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ауезова Замзагуль Тургановна емтихан алды.
Емтиханды себепсіз қалдырған оқушылар болған жоқ. Емтихан өз деңгейінде талапқа сай өтті.