Текст
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында орыс тілі пәні бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан өтті. Емтиханның ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері Терëшкина Дина Викторовна келді. Мектеп директоры У.Калиева мен Д. Терëшкина оқушылар алдында емтихан материалдары салынған пакетті ашты. Емтиханға жылдық қорытынды бағалары бойынша 46 оқушы жіберілді. Бір оқушысы дәрігерлік анықтама қағазы бойынша қорытынды емтиханнан босатылды. 9 «А,Ә» сыныбында орыс тілі пән мұғалімі Байдашева Гульмира Муратовна емтихан алды.
Емтиханды себепсіз қалдырған оқушылар болған жоқ. Емтихан өз деңгейінде талапқа сай өтті.