Текст
Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушылары арасында орыс тілі пәні және тандау пәндері бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан өтті. Емтиханның ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері Козбакова Асель Мухтаровна келді. Мектеп директоры У.Калиева мен А.Козбакова оқушылар алдында емтихан материалдары салынған пакетті ашты. Емтиханға жылдық қорытынды бағалары бойынша 27 оқушы жіберілді. Бір оқушысы дәрігерлік анықтама қағазы бойынша қорытынды емтиханнан босатылды. 11 «А,Ә» сыныбында орыс тілі пән мұғалімі Тукушева Зауре Амангельдиновна емтихан алды.
Емтиханды себепсіз қалдырған оқушылар болған жоқ. Емтихан өз деңгейінде талапқа сай өтті.