Текст
Бүгін мектебімізде 11 -сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәні бойынша қорытынды мемлекеттік емтихан өтті. Емтиханның ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері Сыздыкова Зарина Курмангалиевна келді. Мектеп директоры У.Калиева мен З.Сыздыкова оқушылар алдында емтихан материалдары салынған пакетті ашты. Емтиханға жылдық қорытынды бағалары бойынша 28 оқушы жіберілді. Бір оқушысы дәрігерлік анықтама қағазы бойынша қорытынды емтиханнан босатылды. Емтихан жұмысы үш сұрақтан құралған 30 билет жұмысы келді. 11 «А,Ә» сыныбында пән мұғалімі Жақсыбаев Нұрлан Қошқарбаевич емтихан алды.
Емтиханды себепсіз қалдырған оқушылар болған жоқ. Емтихан өз деңгейінде талапқа сай өтті.