17.06.-21.06. 2019 жыл күндері аралығында баскетбол ойыны бойынша «Болашақ клубында» ойындар өткізілді. Бұл ойынға 6-8 сынып оқушыларынан 17 оқушы қатысып жүрді. Ойындар сағат 16:00-20:00 аралығында өтіп тұрды. Алдын-ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, баскетболдың ойын ережелерімен таныстырып алып, топ құрып, ойындарды апта бойы жүргізіп отырдық.
Баскетбол ойынының мақсаты оқушылардың баскетболға деген қызығушылығын арттыру, әр тақырып бойынша берілген әдісті үйрету, баскетбол спортын дамыту. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана білу.
Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: баскетболға арналған жаттығулар, аяқ, қол бұлшық еттерін дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар, әр түрлі спорттық жаттығулар жасау, алдын-ала өткізілген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп, жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың баскетболға деген қызығушылығын арттыру мақсатында апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды.
Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.