2022 жылдың 31 наурыз бен 19 сәуір күндері аралығында «Балдәурен - Балхаш» Республикалық балаларды сауықтыру орталығында мектебіміздің
7 –ші сынып оқушылары: Алымов Абай мен Трарқан Гулнар демалып келді.
Балалардың осы 20 күндік демалыстары өте керемет өткені туралы сыныптастарымен бөлісті.
Ол жерде балалар өздеріне көптеген достар тауып, сабақ оқып,әр түрлі іс – шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, Алымов Абай «КВН» байқауында ІІІ -орынға ие болды. «Дойбы ойынының сайысында І –орынға ие болып, марапатталды. Трарқан Гулнар «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындар сайысында І –орынды иеленді. Сонымен қатар «Х –фактор», «Олимпия» байқауларына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты. Балалар үшін осы күндер мәңгі естерінде қалатын болды. Бұл орталықта олар адамгершілік, мейірімділік, достық, жанашырлық сынды сезімдерді қатты сезінгендерімен бөлісті. Сондықтан облыстық білім басқармасына осындай мүмкіндік бергендері үшін өз аттарынан шексіз ризашылықтарын білдіреді.