«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиын.
2022 жылдың 25 мамыр күні мектебіміздің алаңында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымыз сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиынның құрметті қонақтары-Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзаұлы және Атбасар ауданы Білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина қатысты.
Мектебіміздің директоры- К.А. Есмагамбетова оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады және де мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі- М.Е.Шакеева 2021-2022 оқу жылының бұйрықтарымен таныстырып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата – аналар тарапынан мектебіміздің ата – аналар комитетінің төрайымы - А.С. Қайырбаева алғыс хатпен марапатталды. Түлектеріміздің алғашқы ұстаздары: Үндібаева Балым Мизамовна және Сатова Рыскүл Абдуахитовна, сонымен қатар сынып жетекшілері: Тоқбергенова Айгерим Кайроллаевна, Асқар Ерлан, Искакова Бағила Нұрбековна түлектерге ақ жол тіледі. Мектеп түлектерінің құрметіне « Ұстаз- Ана» әнін мектебіміздің дарынды әншілері шырқап, күйін шертті. Мектебіміздің озат оқушысы-Мырзағұл Арай 2021-2022 оқу жылының түлектерінің атынан ұстаздарға, ата – аналарға жылы лебізін білдірді.Салтанатты жиын соңында түлектеріміз соңғы мектеп вальсын және «Соңғы қоңырау» әнін орындап, соңғы қоңырауларын соқты. Мектебіміздің дәстүрі бойынша түлектер мектеп алаңына жас көшеттер отырғызды.