2019 жылдың 3 қазан күні мектебімізде Республикалық «Эко сағат» акциясы салтанатты түрде аталып өтті. Бұл атаулы іс шараның негізгі мақсаты Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні деп аталады. Салтанатты сап түзеуде Алғашқы әскери дайындық жетекшісі Серік Бекзат Шапағатұлы мектеп оқушыларын сапқа тұрғыздырып, мектеп директорына баяндама жасап, мемлекеттік гимн орындалды. Ауқымды іс – шараға Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Бекбаев Абай Болатович және Атбасар ауданы маслихатының депутаты Аксейтова Сауле Көпбаевна қатысып, атаулы акцияның мақсатымен міндетін атап өтті. Мектебіміздің директоры Мукушев Жунус Шамиханович мектеп оқушыларын, ұстаздарын құттықтап, қаламыздың көркендеуіне, көгалдандыруына өз үлестерін қосуларына өз тілектестігін білдірді.Мектеп маңайына оқушылардың және құрметті қонақтардың қатысуымен, арнайы дайындалған жас 20 көшет отырғызылды. Акция уақытылы, жоспарға сай өткізілді