Текст
26.09.2022ж. кітапханада 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен М.Әуезовтің 125 жылдығы қарсанында «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Абай жолы» роман – эпопеясына, «Көксерек» повестеріне, «Қараш- қараш»хикаясына, «Қорғансыздың күні», «Жетім» шығармаларына әдеби шолу жасалып, «Көксерек» шығармасына талдау жасалды.
Іс- шараның мақсаты:
М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығының , асыл мұрасының құндылықтарын кейінгі ұрпаққа сақтап , жеткізу, рухани жағымызды байыту;
Адам мен табиғатты байланыстыратын шығармаларды оқып, табиғатқа деген сүйспеншілікті ояту.
Дайындаған: кітапханашы Акпаева Ж. К.