2019 жылғы қараша айының 11-18 күндері аралығында №7 қазақ орта мектебінде тарих және география пәндері бойынша апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін қолдануға дағдыландыру;
Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту; өткен материалдары бойынша білімдерін жалпылау; ойлау қабілетін дамыту; анықтама әдебиеттерімен дағдыларын дамыту; тіл мәдениеттерін дамыту; аналитикалық дағдыларын шыңдау;
Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды. Апталық дүйсенбі күні 7 сыныптар арасында «Елімнің кешегі – бүгіні мен ертеңі» зияткерлік ойынымен ашылды. Ойын тарихи көмбе, эрудиттер сайысы, таңдау-табыс айналымнан құрастырылған.