Мектебіміздің жас әрі дарынды, 3 сынып оқушылары Нұрлан Айару мен Шайкенова Іңкәр қазанның 23-і күні Көкшетау қаласында өткен студенттер, жас зерттеушілер мен оқушылар арасындағы «Жастар жолы» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді.
Олар өздерінің «Шунгит минералдарынан жасалған емдік сабынның адам денсаулығына пайдасы» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысын қорғады.
Нұрлан Айару мен Шайкенова Іңкәрдің ғылыми жобасында айтылған адамдардың тері ауруларына шалдығып, кең етек алып отырған аллергия, бөртпе, саңырауқұлақ, теміреткі, теңге қотыр, қышыма, безеу, күйік, шуаш, сияқты ауруларға бірден-бір ем болатын шунгит сабындарының қажеттілігі. Сол қажеттілікті адамдарға түсінікті әрі мазмұнды, иллюстрациялы түрде жеткізе отырып, ғылыми зерттеу жұмысын толыққанды қорғап шықты. Айару мен Іңкәрдің жұмысы мен дәлелдемелері әділқазылар көңілінен шығып, жүлделі 1-орынды қанжығаларына байлап келді. Марапаттау рәсімінде оқушыларымыз мақтау қағазы мен медальға және сертификатқа ие болды.
Іңкәр мен Айаруға осындай дарынды қалыптарынан танбай, әрдайым ғылым шыңына өрлеп, биіктерді бағындырып, дарынды оқушылар қатарынан табылуларына тілек білдіреміз.
Амрина Гульмира Атанбаевна