Текст
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі. Мектебімізде ҰБТ-ға дайындық жұмыстары оқу жылынан басталды. Осыған орай, жыл бойына атқарылатын жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Соның ішінде 11-сынып оқушыларына «ҰБТ-ның жаңа форматы мен биылғы оқу жылындағы ерекшеліктері» тақырыбында ҰБТ орталығының бас маманы Гульмира Хабдрахмановна түсіндірме жұмысын өткізді. Оқушылардың таңдаған мамандықтарына қарай таңдау пәндерімен, ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен, ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беріп өтті. Оқушылар қажетті сұрақтар қойып, өздеріне көп мәлімет алды. Гульмира Хабрахмановнаға көп алғысымызды білдіреміз!