2022 жылдың 16 қараша күні кәсіби бағдар беру мақсатында мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары үшін онлайн форматында кездесу ұйымдастырылды. Қарағанды қаласы Беримбек Бейсенов атындағы Ішкі істер академиясының оқытушысы полиция подполковнигі Александр Геннадьевич Сасин , Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметтер агенттігінің бас маманы Жазира Тоқтарқызы Сейтмаганбетова, Көкшетау қаласының жоғарғы техникалық колледжінің оқытушылары, және Атбасар қаласының агро –индустриалдық колледжінің тәрбие ісінің меңгерушісі Татьяна Петровна Толкумбекова оқушыларға оқу орындары туралы толық ақпарат беріп, оқушыларды осы оқу орындарына түсу шарттарымен толыққанды таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптарын түсіндіріп берді.