Текст
2022 жылдың 22 қараша күні сағат 15:00 –де Зуум платформасы арқылы
« Балалық шақ бірге қорғайық» атты диалог алаңына мектебіміздің президенті 9 сынып оқушысы Бабаева Аяулым қатысты. Бұл іс –шара балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі республикалық акциясы шеңберінде өтті. Кездесуге үкіметтік емес ұйымдарының, азаматтық сектордың және мектептің өзін – өзі басқару өкілдері қатысты. Аяулым мектебіміздің ата – аналар комитетінің балаларға деген қамқорлығы, демеушілігі туралы мәлім етті.