04.12.2019ж. Бүгін 6"ә" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен аудандық ашық сабақ өтті. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенгулова Л.А. берді. Сабақ А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. Олай дейтінім, "Абай-ақын" тобы Абай өлеңін нақышына келтіре орындаса, "Абай-сазгер" тобы "Желсіз түнде жарық ай" әнін әуелетті. "Абай-философ" тобы қарасөзінен үзінді оқып, "Абай-аудармашы" тобы аудармалары туралы ақпарат берді. Осындай көңіл-күймен басталған сабақ әрі қарай сабақты болжауға, мақсаттарын айқындауға ұласты. Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде айтылған бес асыл істен ғибрат алып, бес дұшпаннан қашық болуды үйренді. Сабақ барысында оқушылар әр тапсырмадан кейін бірін-бірі бағдаршам әдісімен бағалап отырды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. Тіпті, қатесіз орындалған тапсырмалардан қате тауып, өз пікірлерін, ұсыныстарын білдіруге тырысып жатты. Айталық, әр топтың көшбасшылары қырағылық танытып, топтарындағы әрбір баланың қалт еткен жұмыстарын жіпке тізген маржандай етіп бағалау парағына белгілеп отырды. Олар: Бабаева А., Шахмет М., Ардагер А., Саят Ж. Сабақта "ПОПС" формуласы, топпен жұмыс, жеке жұмыс, "Екіжақты күнделік" , "Семантикалық карта" сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Лида Асқарқызына шығармашылық табыс тілеймін.
Оқу ісінің меңгерушісі: Шакеева М.Е.