Текст
Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымына қабылдау рәсімі туралы мәлімет.
2022 жылдың 15 –ші желтоқсан күні мектебімізде 3-6 сынып оқушыларын Жас Ұлан және Жас қыран ұйымына салтанатты қабылдау жиыны мектебіміздің салтанат залында өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін ояту, туған елін, жерін құрметтеуге баулу.
Салтанатты жиын мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиынды мектебіміздің Ұланбасы- Ташетов Диас дайындық туралы баяндама жасады. Жас Ұландықтар мен Жас Қырандықтарды ұйымға қабылдануымен мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі - Б.Смагулова құттықтады. Салтанатты антты 6 Б сынып оқушылары: Уразалинова Томирис және Нұрлан Айару айтты. 5 сынып оқушысы Серикпаев Мади ән шашуын паш етті.