"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»

13.12.2019

«Тәуелсіз елім-Қазақстан!»
12 желтоқсан күні №7 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әуезова Зәмзәгүл Тұрғанқызы 5 «а» сынып оқушыларымен тәуелсіздіктің 28 жылына арнап «Тәуелсіз елім - Қазақстан!»атты тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың тәуелсіздік туралы ұғымын кеңейту.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ержүрек ұл қыздарын еске алу.Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен танысу.Балаларды туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Іс-шараның басында желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл – қыздарымызды еске алады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Ән ұранын шырқап, тәуелсіздік туралы өлең жырларын жатқа айтты. Оқушылар «Көк тудың желбірегіні»,«Қайран қазағым» ,«Мен қазақпын» әндерін шырқады. Мектеп директоры Жүніс Шамиханович оқушылар мен ұстаздарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Іс-шараның соңында 5 «а» сынып оқушылары тәуелсіздік күніне арналған челленджді 6-сынып оқушыларына жолдады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст