Текст
2023 жылдың 6-шы қаңтар күні сағат 9:30 –да мектебімізде сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы Буллингтің алдын алу»
Мақсаты: Буллинг сөзінің мағынасын ашу; жасөспірімдер арасында қорлау, мазақтау,намысқа тию жағдайларын алдын алу; сынып ұжымын сыйластыққа, бір –біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Бұл отырысқа 1-11сыныптарының сынып жетекшілері қатысты. Отырыс барысында бүгінгі таңда өзекті «буллинг» мәселесі топтарда талқыланып, постерлер жасалды. Мұғалімдер өзара пікір алмасу барысында балаларға осындай мәселелерден ауақ болу жолдарын қарастырды.