"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы

24.01.2020
2020 жылдың 20-24 қаңтар аралығында №7 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтіп жатыр. Осы апталық аясында бүгін 23 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әуезова Зәмзәгүл Тұрғанқызы 5 "а"сыныбына А.Байтұрсынов "Егіннің бастары"тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ барысы үш кезеңнен тұрды.
1." Ой шақыру" кезеңінде сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабақпен байланыс жасады. Оқушылар "Егіннің бастары" мысалын жатқа айтып,мәтіндегі негізгі ойды, идеяны анықтады.
2. "Мағынаны тану" кезеңінде оқушылар мәтіннен алған әсерін сипаттап "Авторға хат" жазды.
Мәтін желісі бойынша "Әке өсиеті" тақырыбында эссе жазып, өз ойларын ортаға салып бөлісті. Мәтін кейіпкерлеріне арнап"Бес жолды"өлең құрастырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып,әр тапсырмадан кейін топтар бір-бірінің жұмыстарын "Бағдаршам"әдісімен бағалап отырды.
3."Ой қорыту" кезеңінде оқушылар"Венн диаграмма"әдісі қолданылды. Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырды. "Бидайдың басын көкке көтергені-дақылының жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені-ақылының жоқтығы"мақалы мен мысалдың байланысын талдап,пікір алмасты.
Мұғалім сабақ барысында оқушыларға кері байланыс беріп отырды.
Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлеріне"Табыс баспалдағы"әдісі арқылы рефлексия жасады.Сабақ қызықты әрі өте жақсы өтті.
Сабаққа мектеп әкімшіліктері мен мұғалімдері қатысты.
Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст