"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарына «Ашық есік» күні өтті

24.01.2020

«Атбасар ауданы білім бөлімі Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі» КММ мектебінде ағымдағы жылы қаңтардың 23-і күні 5 «А,Ә,Б» ;7 «А,Ә»;8 «Б»,10 «А»сыныптардың ата-аналарына «Ашық есік» күні өтті. Мақсаты: ата-аналарды жаңартылған білім беру мазмұнымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту. «Ашық есік» күні қонақтарды қарсы алу, тіркеу, буклеттер таратудан басталды. Балаларының мектептегі өмірімен жақынырақ танысуға ата-аналармен бірге әжелер де қызығушылық танытты. Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме. Мектептегі баласының бір күндік өмірімен танысу, ата-аналардың ең басты мақсаты болды. Сондықтан, сабаққа қатысқан ата-аналар ұстаздар қауымының сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Әсіресе жаңартылған білім мазмұнына көшкен 5,7-сыныптардың сабақтарында оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеген жағдайда, олардың сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артатынын байқады. Шақырылған ата-аналар бағдарламаға сәйкес, сабақтардың барлығына қатысып, оқу процесімен жақынырақ танысты. Сабақ кестесіне сәйкес сыныптарда сабақтар барлық пәндер бойынша өткізілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 18.30 өтетін «Критериалды бағалау – заман талабы» тренингі кейінге шегерілді. Мектеп – халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін, жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Ендеше, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана–болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Бала тәрбиелеу –ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндет.

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст