Текст
2023 жылдың 4 мамыр күні мектебімізде ауданымыздың Ішкі істер бөлімінің инспекторлары- Б.Рахимжанов және Б. Үндібаев 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Кездесу барысында оқушылармен сұхбаттасу өтті, балаларға сұрақтар, жағдаяттар шешу ұсынылды. Сонымен қатар аудан бойынша құқықбұзушылық туралы статисика келтірілді.