2023 жылдың 30 мамыр күні сағат 18:00-де жалпымектептік ата – аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы.
Оқу ісінің меңгерушісі: Н.Жанымхан.
2. Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.
Полиция қызметкері: Б.Ундубаев.
3. Қауіпсіз жаз.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б.Смагулова.
4. Қорытынды аттестаттау.
Оқу ісінің меңгерушісі: М.Шакеева.
5. Жазғы демалысты ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагог: Г. Муканова.
Жиналыста күн тәртібі бойынша барлық сұрақтар талқыланып, ата – аналарға кеңестер, жадынамалар берілді. 9-11 сынып оқушыларының емтихан кестесі таныстырылды. Оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастырылуы туралы, «Жазғы мектеп» жұмыс жасайтыны туралы нақтылап айтып кетті. Сонымен қатар мектепішілік балалар алаңқайлары 5 маусым жұмыс жасайтынын хабарлады. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы полиция қызметкері Б.Ундубаев баяндама жасады.