« Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиын.
2023 жылдың 1 маусым күні мектебіміздің алаңында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымыз сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиынның құрметті қонақтары-Атбасар ауданы мәслихатының төрағасы Н.Б.Рахимов және Атбасар ауданы Білім бөлімінің бас маманы Г.Т. Абдрахманова қатысты.
Мектебіміздің директоры- Н.Алкенова оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады және де мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі- М.Е.Шакеева 2022-2023 оқу жылының бұйрықтарымен таныстырып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата – аналар тарапынан мектебіміздің ата – аналары - Ж.Бапишева мен А. Тұрмагамбетова түлектерге ақ жол тіледі. Түлектеріміздің алғашқы ұстаздары: Н.Д. Сатыбаева, сонымен қатар сынып жетекшілері- Н.Хұрмет пен Б.С. Жылгельдина және пән мұғалімдері түлектерді құттықтады. Сонымен қатар түлектердің ізбасарлары 10 сынып оқушылары да құттықтауларын айтып, дәстүрлі тәтті сыйлықтарын табыс етті. Салтанатты жиын соңында түлектеріміз соңғы мектеп вальсын және «Соңғы қоңырау» әнін орындап, соңғы қоңырауларын соқты.