"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестат табыстау рәсімі

22.06.2023

2023 жылдың 22-ші маусым  күні сағат 10:00-де мектебімізде  11 сынып түлектеріне салтанатты түрде  аттестаттар табыстау рәсімі  өтті.  Жиын Мемлекеттік Гимнмен бастау алды. Жиынға қадірменді қонақ болып Атбасар ауданының білім бөлімінің әдіскері Абитаева Асель Зейнолдақызы және Атбасар ауданы «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, Атбасар аудандық мәслихатының депутаты Жакишева Назгуль Алимовна  келіп, оқушыларды, ұстаздарды, ата – аналарды атаулы мерекемен құттықтады. Мектеп директоры Н.Алкенова түлектерді, ата – аналарды құттықтады. Оқу ісі меңгерушісі М.Шакеева аттестаттарды табыстау бұйрығымен таныстырып, құттықтау сөзін айтты. Түлектердің сынып жетекшілері Хұрмет Нұрдыбек және Бидаш Сабыржановна Жылгельдина өздерінің  жүрек жарды ақ тілегін айтып, «Тілек лентасын кесті. Аттестаттарды табыстау құрметі мектеп директорына берілді. Түлектер  атынан өздерінің ұстаздарға деген жылы лебізін Қайдаров Бауыржан мен Асильбек Нурай білдірді. Түлектер өз алғыстарын білдірдіріп, ән шашуларын тарту етті. Ата – аналар тарапынан  құттықтау сөз Итчанова Несібелді Сейдахметова және Джанабаев Нәби Бектаулұлына  берілді. Түлектердің пән мұғалімдеріне: Өтегенова Ругайда Курмановна, Шаяхметова Гульзат Турлыбаевна, Смагулова Бахыт Сериковна, Жылгельдина Бидаш Сабыржановна, Балабекова Гульжан Бірликовна, Жақсыбаев Нұрлан Қошқарбаевич, Ержан Нығметұлы, Бекишев Әділ Трарканович,  Абдигожина Мадина Толегеновна, Тулегенов Асылбек Арыстанович, Ауезова Замзагуль Тургановнаға құттықтау сөз берілді.Ұстаздар түлектерді мектепті аяқтауларымен құттықтап, ақ жол, сәт сапар тіледі. Мереке соңында  дәстүрге сай түлектер мектебіне, ұстаздарына арнап «Ұстазым» әнің шырқап, естелік суретке түсті.

Просмотров: 1008


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст