Текст
14.02.2020ж күні 6а-сынып «Өзіңді-өзің тани біл» атты тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: қарым-қатынастың белсенді стилін орнату, әрі қарай ашық сөйлеуге үйрету, өзіндік «Мен тұжырымдамасын» айқындау, өзін-өзі тану, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау және оқушылар арасында жылы қарым-қатынас орнату. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру.