17.02.2020 ж «Атбасар ауданы білім бөлімінің» ММ жұмыс жоспары бойынша, №7 қазақ орта мектебінде «Әлем нақты ғылымдар тілінде сөйлейді» атты тақырыпта информатика, физика және математика апталығының ашылуы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; оқушылар информатика мен математиканы, физиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Апталықтың ашылуында оқушылар тақпақтар айтты, қызықты сұрақтарға жауап берді, логикалық практикалық жұмыстар атқарды. Онкүндікті жүргізу барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс қызықты викториналық ойындар, сайыстар жоспарланылды. 27 ақпан апталықтың қорытындысы шығарылады, ең белсенді, жеңіске көп жеткен сынып «Әлем нақты ғылымдар тілінде сөйлейді» математикалық кешінде марапатталады. Барлық сыныптарға сәттілік тілейміз!