"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-қыркүйек - Білім күні

01.09.2023

 2023-2024 оқу жылының 1-қыркүйек күні мектебіміздің 1,9,11 сынып оқушылары үшін мектебіміздің спорт залында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының  гимнімен басталды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары: Атбасар ауданының әкімі А. Қалжанов және Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина мектеп ұжымын, ата – аналарды, мектеп оқушыларын, 1 сынып бүлдіршіндерін білім күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Н.А.Алкенова ата – аналарды, 1 сынып оқушыларын атаулы мерекемен құттықтады. Метебіміздің 2 сынып оқушылары «Білім күні» әнін орындады. Оқу ісінің меңгерушісі М.Е. Шакеева 2023-2024 оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды. Және де 2 А сынып оқушысы Айлин бүлдіршініміз «Кел балалар оқылық» әнін орындап, көрермендерді таң қалдырды. Оқу жылы мектеп оқушылары үшін «Мектебім-мейірім мекені»  атты тәрбие сағатымен басталды.  Сынып жетекшілері арнайы нұсқаулыққа сәйкес арнайы презентациялар, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, тәрбие сағаттарын жүргізді. Алғашқы қоңырауды Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндері соқты. Ата – аналар тарапынан Сейлова Аина Болатовна бүлдіршіндерді алғашқы қадамдарымен шын жүректерінен құттықтады. Жиын соңында бүлдіршіндеріміз естелік суретке түсіп, сыныпқа бірге аяқ басты.

Просмотров: 1142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст