Текст
Мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Мақсаты: жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға және олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
2023 жылдың 2-ші қазан күні 7-10 сынып оқушыларының арасында « Адалдық пен шыншылдық» атты пікірталас өтті. Оқушылар отырысқа үлкен жауапкершілікпен және шығармашылықпен қатысты.