Текст
№7 жалпы орта білім беретін мектебінде қазан айының 16 жұлдызында 1 сынып оқушыларына арналған тілашар тренингі өтті. Тілашар тренинг мақсаты: Мектеп табалдырығын жасқана аттаған бүлдіршіндеріміздің білім алуға деген құштарлығын арттырып,қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.Мектеп табалдырығын аттағалы 6 аптаның жүзінде оқушыларымыз көптеген нәрсені үйреніп,мектептен өздерінің деңгейіндегі білім мен тәрбиені алып жатқандықтарын көрсете білді. Тренинг барысында әр түрлі кейіпкердегі орта буын оқушылары 1 сынып оқушыларынан сұрақ-жауап арқылы оқу барысындағы оқуға деген ынта-жігерлерін анықтай алды. Тілашар тренинг қызықты әрі көңілді аяқталды.