Текст
2023 жылдың 1-ші қараша күні сағат 16:00 де оқушылардың күзгі демалысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында мектебімізде «Ақ бота» қыздар клубының 7-10 сынып қыз балаларына арналған отырыс болып өтті. Бұл отырыста «Ар -ұят» құндылығына арналған « Қыздарға қырық үйден тыю» тақырыбында пікіралмасу орын алды. Қыздар топтарға бөлініп, постерлер жасап, қорғап, ойларымен бөлісті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Смагулова қыздарға қатысты тыйымдарға тоқталып, өздерін қоғамдық орындарда қалай ұстау керектігі туралы айтып тоқталып, қыздардың жүріс –тұрысы, қызығушылығы, талғамымен талаптарына тоқталды.Сонымен қатар қазақи тәрбиенің алатын орны туралы толық мағлұматтар бере кетті.