"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата – аналарға қолдау

16.11.2023

2023 жылдың  16  қараша күні мектебімізде ата – аналарға қолдау бағдарламасын іске асыру аясында «Зорлық - зомбылықтың алдын алу» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып, үлгі бола білу.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау.
Ата- аналарымызды есік алдынан құшақ жая қарсы алдық. Салтанат залына жиналған ата- аналарымызбен мектебіміздің психологы А.Н. Шахметова   арнайы тренинг өткізді. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Б.С.Смагулова ата- аналармен дөңгелек үстел басында топтық жұмыс ұйымдастырып, өткізді. Талқыланған мәселелер оқушылар арасындағы түрлі зорлық- зомбылықтын түрлері болды.

Просмотров: 1000


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст