Текст
Бүгін 20 қараша күні мектебімізде « Балалардың құқығын қорғау конвенциясы» атты диалогтық алаң өтті. Мақсаты: адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру,оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету, оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Мектеп Парламентінің мүшелері дайындаған арнайы презентациясының негізінде оқушыларға құқықтары туралы толық мәлімет берілді.