Бүгін 28 қараша күні мектебімізде « Теледидар біздің қоғамға зиянды әсер етеді» тақырыбында дебаттық шайқас өтті. Мақсаты: оқушылардың қисынды, риторика мен шешендік дағдыны және сөйлеу шеберлігін дамыту;
оқушылардың ұйымдастыру қабілеті мен сыни ойлауын дамыту;
ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға қалыптастыру.
рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастардың жаңа буынның қалыптасуына ықпал ету, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Шайқастың төрешілік міндетін атқарғандар: 11сынып оқушысы Акпаленов Алмат, 10 сынып оқушылары Куракпаева Камила, Қайырбек Айымгүл, Смаилбекова Мақпал.
Шайқаста « Шабыт» тобының құрамында: 10 сынып оқушылары -Ардагерқызы Айым және Айтқұл Диана. « Жалын» тобының құрамында: 11 сынып оқушысы-Демисинов Алишер және10 сынып оқушысы- Саят Жаннұр қатысты.
Шайқас нәтижесінде І – орынды даттаушылар тобы, ІІ- орын жақтаушылар тобы иеленіп, арнайы грамоталармен марапатталды.