Текст
Биылғы 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектеп оқушылары әр сәрсенбі сайын ұлттық киіммен тәрбие сағаттарына қатысады. Ол үшін әр сыныптың ата – аналары арнайы ұлттық киім мен бас киім тіккізді. Ал наурыз айы бойы мектебіміздің барлық ұжымы, оқушылар ұлттық киіммен күнделікті сабаққа қатысады деп келісілді.