Текст
2024 жылдың 20 мамыр күні салтанат залында мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларымен « Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу» тақырыбына арналған кездесу өткізілді. Кездесуді ұйымдастырушысы -тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Смагулова.
Мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Кездесу барысында оқушыларға тақырыптық слайд, бейнероликтер ұсынылды.