Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні бойынша мектепішілік онкүндігі 27.02.18. басталды.
28.02.18. күні Булегенов Е.С. 4 «Ә» сыныбында Футбол «Допты тебу әдістері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабаққа мектеп әкімшілігі, дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Сабақтың мақсаты: Спорт ойындары арқылы дене қабілеттерін дамытып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Оқушылар футбол ойынының ережелерімен танысты. Топтық, ұжымдық әдіс-тәсілдер қолданды. Сапқа тұрған оқушылардан рапорт қабылданды. Жеңілдетілген ережемен ойындар мен дамыту жаттығулары жасалды. Сабақ барысында мұғалім қателерін түзетіп отырды.
Булегенов Е.С. сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақтың құрылысы дұрыс. Кері байланыс, бағалау, үй тапсырмасы өз деңгейінде берілді. Оқушыларға қызықты, тартымды өтті.