2020 жылдың 21 қырқүйек күні Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебінде әдістемелік кеңес өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алкенова Н.А 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
Мектеп үйлеструшісі Шакеева М.Е формативті бағалау балдық жүйені қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Химия пәні мұғалімі Токбергенова А.К критериалды бағалау жүйесінде формативті бағалаудың әдіс -тәсілдерің практика жүзінде көрсетті.
«Күнделік KZ» жүйесі және «Онлайн – мектеп» интернет – платформасында жұмыс жүргізу бойынша
информатика пәні мұғалімі Бекишев А.Т өзінің іс –тәжірибесінен бөлісті.
Қеңес барсында мектеп әкімшілігі сабақ сапасын мониторингтеу, қашықта оқыту режимінде педагогтердің сабаққа ұқыпты дайындығын, тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану туралы сөз етті.
Диалог формада құрылған кеңес жоғары деңгейде өтті. Барлық қойылған сауалдарға тиісті жауаптар алынды.