2024-2025 оқу жылының 1-қыркүйек күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары үшін қаламыздың алаңында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Жиынымыздың құрметті қонақтары: Атбасар ауданы маслихатының хатшысы-Рахимов Нұржан Бектурганович, Атбасар ауданы білім бөлімінің бас маманы-Абдрахманова Гульбану Турлыбековна, Атбасар ауданы Полиция участкелік инспекторы полиция лейтенанты - Асет Жумагатович Сериков мектеп ұжымын, ата – аналарды, мектеп оқушыларын, 1 сынып бүлдіршіндерін білім күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры-Н.Алкенова ата – аналарды, ұстаздарды 1-ші сынып оқушыларын атаулы мерекемен құттықтады. Домбырашылар тобы «Балбырауын» күйін орындады. Оқу ісінің меңгерушісі-М. Шакеева 2024-2025 оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды. Мектебіміздің әнші оқушылары Досболғанова Айару және Аяулым «Мектебім –сәулетті мекенім» атты әнді шырқады. 1-ші сынып бүлдіршіндері өздерінің мектепке арналған тақпақтарын арнады. 2024-2025 оқу жылының 11-ші сынып түлектері 1-ші сынып бүлдіршіндеріне Әліппе оқулығын салтанатты түрде табыс етті. 11 сынып түлектерінің атынан Айым Ардагерқызы мектеп ұстаздары мен оқушыларды құттықтап, өленің арнады. Мектебіміздің жарық жұлдызы–Серикпаев Мади білім күніне арналған әнін орындады. Ата – аналар тарапынан Томанов Мұсахмет Аманжолович және Бағдат апай мектеп оқушыларын және ұстаздарды білім күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. «Арай» бишілер тобының орындауында «Әліппе» биін паш етіп, алғашқы қонырау соғылып, 1-ші сынып оқушыларын 11-ші сынып түлектері жетектеп, мектепке бет алды.