"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№ 7 қазақ орта мектебі» КММ бойынша аудандық «Абай –рухани-адамгершілік мұрасы-оқушыларды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі» атты семинары туралы мәлімет

30.10.2020

2020 жылдың 30-ші қазан күні сағат 11:00-де ZOOM платформасы арқылы  аудандық «Абай –рухани-адамгершілік мұрасы, оқушыларды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі» атты семинары өтті. Семинардың жоспары бойынша мектептің тәрбие ісі меңгерушісі Б.С.Смагулова таныстыру-презентациясын ұсынды.  Мектеп директоры К.А. Есмагамбетова мектеп  жетістіктеріне тоқталып, құттықтауын жолдады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің Хұрмет Н., Ауезова З.Т., Л.А Есенгулованың осы іс –шараға арналған шәкірттерімен әзірленген бейнероликтері мен презентациялары көрсетілді.
 Мектеп кітапханасының Ж.К.Акпаеваның Абайдың шығармашылығына арнаған сабақтан тыс іс -шарасынан бейнеүзінді ұсынылды. Мектеп оқушыларының орындауында Абайдың қара сөздері: қазақ, ағылшын және орыс тілінде оқылды. Пәндер сабақтастығы ретінде математика пәнінің мұғалімі Н.С.Тулегенова семинар қатысушыларымен өте қызықты сергіту сәтін өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі Д.К.Туйкаева «Айгөлек» үйірмесінің жұмысында балалармен Абайдың өлендеріне шолу жасады. Семинардың 
 жабылуында Есенгулова Лида Аскарқызының орындауында Абайдың « Айттым сәлем, Қаламқас» атты өлеңі шырқалып, қатысушылар бірге қосыла ән шырқады. Семинар соңында қатысушалар кері байланысқа шығып, өздерінің алған әсерлерімен  бөлісті. Семинарды Атбасар ауданы Білім бөлімі тәрбие жұмысының әдіскері Нұрмагамбетова Қымбат Қайыржановна қорытындылады. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.

 

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст