"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы клубы» Онлайн – конференциясы туралы мәлімет 2020-2021оқу жылы

23.11.2020

2020 жылдың 22 қараша күні сағат 14:00-де мектебіміздің отбасы клубының кезекті отырысы өтті. Отырыстын тақырыбы: « Балалардың бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру, оларды отбасылық өмірге дайындау, репродуктивті денсаулықты қорғау». Мақсаты: Балаларды тәрбиелеу барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту, отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын  насихаттау. Онлайн –конференцияға 4 а сыныбының 12 отбасы  қатысты. Конференция барысында арнайы презентация арқылы ата – аналарға отбасы туралы ақпараттар ұсынылды. Белсенділік танытқан Умурзаков, Қасымов, Жомартовтар және Ақылбаевтар  отбасылары  өз отбасыларындағы құндылықтар туралы әңгімелеп, балаларды тәрбиелеудегі әке мен ананың орны және рөлі туралы әңгіме өрбітті. Ал балалар адам бойындағы  адамгершілік қасиеттер  жайлы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар кездесу барысында балаларды тәрбиелеудегі мәселелері талқыланып,  олардың  денсаулықтарына  назар ету, жұқпалы аурулардан сақтану жолдары туралы айтылды.

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст