Текст
2024 жылдың 23 қыркүйек күні мектебімізде «Еңбек күні» мерекесіне арналған сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сынып жетекшілері оқушылармен бірлесіп еңбек түрлеріне талдау жасап, түрлі мамандық иелерінің жұмысы туралы әңгімелесті. Арнайы бейнероликтер арқылы оқушыларға еңбек адамы туралы толық ақпарат берілді.