Текст
2024 жылдың 23-29 қыркүйек күндері аралығында Атбасар ауданының аумағында "Біз есірткіге қарсымыз" акциясы басталды. Осыған орай 23 қыркүйек күні мектебімізде Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің ПБ ЖПҚБ ЮПТ қызметкерлері 8-11 сынып оқушыларымен арнайы кездесу өткізді. Кездесудың мақсаты: оқушылардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу. Олар нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушыларымен әңгімелесіп, кәмелетке толмаған балалар арасында есірткі қылмыстарын жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы мәлім етті.