Текст
2024 жылдың 30 қыркүйек күні мектебімізде «Еңбек күні» атты тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушыларға еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру; еңбекке деген жауапкершілікті дамыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;оқушыларды адал, табанды еңбекке баулып, өз болашағы үшін еңбектің маңызын түсіндіру;еңбекқорлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеттері:
Еңбек туралы түсініктерін кеңейту; адам еңбегімен жасалатын құндылықтарды бағалауға үйрету; әртүрлі мамандықтар мен еңбектің маңызын көрсету.