2020 жылдың 14 желтоқсан күні «Атбасар ауданы білім бөлімі Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі»КММ оқу ісі меңгерушісі Алкенова Н.А
11 сынып оқушыларының ата-аналарымен зуум платформасы арқылы онлайн түрде жиналыс өткізді.Жиналыстың күн тәртібінде ҰБТ жаңа форматы, қосымша сабақтардың жүргізілуі ,І тоқсан қорытындысы және мемлекттік қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары таныстырылды. Бірінші сұрақ бойынша аудандық ҰБТ филиалының басшысы Кадырбекова Г.Х . қатысып оқушылар мен ата-аналарды қаңтар айында өтетін ҰБТ жаңалықтарымен және өтінішті беру жолдарымен таныстырды. Күн тәртібі бойынша барлық сұрақтар қамтылып , ата-аналар өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын Кадырбекова Г.Х мен мектеп әкімшілігіне қойып, толық жауаптарын алды.