20–21 қараша күндері мектебіміздің президенті Өзгерісқызы Аружан мектеп оқушылары мен балалар қоғамдық ұйымдарының өзін-өзі басқару көшбасшылары арасындағы «Мен – елімнің ертеңімін!» облыстық форумына қатысып, мол тәжірибе жинап қайтты.
Форум талаптарына сәйкес әр мектеп «Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық» атты үздік портфолио дайындап апаруы қажет болды. Аружан өз портфолиосын ұлттық нақыштағы киіз үй стилінде ерекше форматта ұсынды. Портфолио ішінде QR-код арқылы мектеп парламентінің жұмысын таныстырып, фото және бейнематериалдар арқылы атқарылған іс-шаралар мен жетістіктерді көрсете білді.
Форумның мақсаты:
мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;
балалардың шығармашылық әлеуетін арттыру;
оқушылар көшбасшылығының оң имиджін қалыптастыру;
балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту.
Аружанның белсенділігі мен шығармашылығы мектебіміздің атын абыроймен танытуға үлкен үлес қосты!
