Текст
29.10.2025
2025 жылдың 29 қазан күні мектебіміздің оқушыларының күзгі демалысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында «Күзгі квест» атты командалық ойын 8 А сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушылардың демалыстарын қызық өткізуге ат салысу, ойын арқылы ынтымақтастықта жұмыс жасауға итермелеу, логикалық тапсырмалар арқылы өмірге бейімдеу. Ойын барысында оқушыларды тапсырмаларды орындауға, тез шешім қабылдауға машықтандыру,т.б. Ойын барысында оқушылар командамен шешім қабылдап, бір –бірін қолдап, көмек көрсете білді.сынып жетекшісі Идрисова Ұлдана Берикбаевна балаларға әртүрлі тапсырмалар арқылы бағыт –бағдар бере отыра, тез арада шешім қабылдауға үйретті.