Текст
География апталығының жоспарына сай 30 қараша күні география пәнінің мұғалімі Ерлан Асқар 10 А сыныбында «Ғаламдық экологиялық проблемалар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру» мақсатында өткен ашық сабақтың «Қызығушылықты ояту» кезеңінде «Кездейсоқ дөңгелек» ойыны арқылы топқа бөліп, өткен сабақ қайталанды.Проблемалық сұрақ арқылы сабақ тақырыбы ашылып «Білу қажет» стенді негізінде топтық, жұптық жұмыстар жүргізіліп , «Елімізде шешімін таппаған ғаламдық экололгиялық мәселеер» бойынша жеке жұмыс карта арқылы түсіндірілді, «3-2-1» негізінде кері байланыс берілді. Оқушылар белсенді қатысып, сабақ жоғары деңгейде өтті.