Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру- оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:
- адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
- осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
- адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады