"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дұрыс тамақтану деңсаулықтың басты факторы

14.11.2019

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру, олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Дұрыс тамақтану деңсаулықтың басты факторы.Ол адамның өмір сүруі мен жұмысына тиімді әсер етеді.Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. 
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 
1) Тамақ құрамында негізгі  қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); 
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент); 
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.11.2019 17:40
Құрылған күні: 14.11.2019 17:40

Текст